Halyq Uni логотип
×

Шымкенттің 2 тұрғыны жалған купюралар мен есірткі заттарын сатуға тырысқан

Оларға қатысты сот үкімі шықты

 Динара Амантай 14.08.2024 | 12:51
Шымкенттің 2 тұрғыны жалған купюралар мен есірткі заттарын сатуға тырысқан
Фото: видеодан скриншот

Шымкенттің 2 тұрғыны жалған купюралар мен есірткі заттарын сатуға тырысқан, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қаржылық мониторинг агенттігі тергеу барысында олардан қара-жасыл түсті өсімдік тектес затты сатып алып, кейін сарапшылар ол 5 келі гашиш екенін растады.

Күдіктілердің біреуі жалған 10 мың АҚШ долларын сату кезінде ұсталды. Жедел іздестіру шараларын өткізу барысында оның сыбайласы анықталып, одан 13 100 жалған АҚШ доллары табылып, тәркіленді. Ал оның тұрғылықты жерін тінту барысында салмағы шамамен 1 келі гашиш табылып, тәркіленді, – делінген ҚМА хабарламасында.

Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылып, оларға 11 жылға және 5,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама