Елордалық кәсіпкерлер мемлекет меншігіндегі жерді иеленіп алған
Оларға қомақты айыппұл салынды
Астананың орталығында орналасқан Достық-Түркістан-Сығанақ көшелері мен Мәңгілік Ел даңғылының алаңындағы мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін бөгет орнату арқылы өз бетімен иеленіп алған 3 кәсіпкерге қатысты тексеріс жүргізілді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Тексеру барысында олар ҚР Жер кодексінің 44-2-бабының 19-тармағын бұза отырып әрекет еткені анықталды. Аталған бапқа сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеусіз жер учаскесін пайдалануға жол берілмейді. Осы норманы сақтамау жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу ретінде сараланады және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы ҚР кодексінің 136 бабына сәйкес ,айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікті көздейді.
Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген бұзушылықтарды бір ай мерзімде жою бойынша нұсқама беріліп, 2 млн 30 мың 600 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Нұсқама талаптары заңда белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 164-1 бабына сәйкес жергілікті атқарушы органмен жер учаскелерін мәжбүрлеп босату туралы сотқа талап арыз жолданады, – делінген прокуратура хабарламасында.