Астанада жетімдердің баспана кезегіне тұруына кедергі жасалған
200-ден аса баланың құқығы бұзылған
Астанада жетім балалардың баспана кезегіне тұруына негізсіз бас тартылған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қала прокуратурасының мәліметінше, уәкілетті орган «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 71-бабын бұза отырып, 14 жасқа толмаған балаларда тіркеудің болмауына, сондай-ақ отбасы мүшелері болып табылмайтын қамқоршылардың атына тіркелген мүліктің болуына байланысты жетім балаларды кезекке қоюдан негізсіз бас тартқан.
Прокурорлық қадағалау шараларымен 200-ден астам жетім бала тұрғын үй алуға кезекке қойылды.