×

Қазақстанда алаяқтық жасамақ болған шетелдік қамауға алынды


Ол сақтандыру төлемін алмақ болған

 Дәурен Ерболат 14.08.2024 | 09:22
Фото: polisia.kz

Алматы облысында полиция «қымбат көлігім ұрланды» деп жалған ақпарат берген шетелдікті ұстады, деп хабарлайды Halyq Uni

Polisia.kz мәліметінше, тәртіп сақшылары 46 жастағы Дағыстан Республикасының азаматын ұстады.

Күдікті қымбат көлігінің ұрланғанын айтып, арызданды. Алайда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ер адамның көлікті сатып, қасақана жалған ақпарат бергенін тез анықтады, – деді Талғар ауданының полиция қызметкерлері.

Сондай-ақ ұсталған адам бұрын Ресейде осындай әдіспен қылмыс жасағаны анықталды. Сол кезде ол көлікті әдейі өртеп жіберіп, сақтандыру төлемін алған. Содан кейін күдікті осыған ұқсас көлікті сатып алып, алаяқтық жасауды көздеп, Қазақстанға келген.

Көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама