Алматыда тауға шығып, жоғалып кеткен екі жасөспірім табылды
Жас туристтерге медициналық көмек қажет болмады
ТЖМ құтқарушылары таудан екі жасөспірімді түсірді, деп хабарлайды Halyq Uni ведомствоға сілтеме жасап.
Алматы қаласының Қарасай ауданындағы Терра алаңында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары екі жас туристі құтқарып, таудан түсірді.
Белгілі болғандай, жасөспірімдер 2008 жылы туған. Олар таңертең тауға көтеріліп, өздігінен қайтып түсе алмай 112 нөмірі бойынша көмек сұрады, - делінген министрліктің ақпаратында.
Жас туристтерге медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ таудағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.