Найзағай, бұршақ, жел: синоптиктер 14 тамыздағы ауа райын болжады
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл болады
Синоптиктер 14 тамыздағы ауа райына болжам жасады.
Солтүстік-батыс циклонының әсерінен елдің көп бөлігінде найзағай, бұршақ және дауылмен жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-батысында, солтүстік – батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, тек елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл болады.
Күндіз Алматы, Жамбыл Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарында, Түркістан облысының шөлді аудандарында, батысында қатты ыстық күтіледі.
Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау және Жетісу облыстарының шығысында, Қарағанды облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Маңғыстау облысының батысында, Алматы облысының оңтүстік жартысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Ұлытау және Жетісу облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтістік-батысында, оңтүстігінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтістік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.