Halyq Uni логотип
×

Спортшылардың жеңсе де, жеңілсе де «Алланың қалауымен» деп айтуы дұрыс па?

Егер сылтау айту мақсатында болса дұрыс емес болып есептеледі, дейді ол

 Халық үні 13.08.2024 | 20:27
Спортшылардың жеңсе де, жеңілсе де «Алланың қалауымен» деп айтуы дұрыс па?
Фото: Сали Сабиров

Спортшының амалын жасамай, дайындығын дұрыс істемей,  жеңіліп қалып, сылтауратып «тәуекел», «Алланың қалауы» дей салғаны – теріс ұғым. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы айтты.

Алланың қалауы», «шүкір», «тәуекел» деген ұғымдар тағдырға қатысты болғандықтан, шариғат қалыптастырған дұрыс ұғымы және шариғат тыйым салған теріс ұғымы да бар.  Ал, спортшының амалын жасамай, дайындығын дұрыс істемей,  жеңіліп қалып, сылтауратып «тәуекел», «Алланың қалауы» дей салғаны – теріс ұғым. Егер сылтау айту мақсатында болса, өзінен жауапкершілікті алып тастау мақсатында айтса, дұрыс емес болып есептеледі. Демек, сылтау мағынасында болса, теріс ұғымы. Адам өз жауапкершілігін өзі көтеруі керек», - дейді маман.

Сондай-ақ дін қызметкері спортшыларға қатысты бұл сөздің екінші ұғымы да бар екенін айтты.

«Спортшы жаттығуын, дайындығын, барлық амалын жасады. Толық жауапкершілікті сезініп жарысқа барды, бірақ бағы шаппай, жеңіліп қалды. Сол кезде «Аллаға шүкір, Алланың қалауы» деуі дініміз қызықтырған сөз. Дегенмен, «Алланың қалауы» деген спортшыны бірден айыптау да дұрыс емес. Мұсылманға бірден жаман ойлау жарамайды. «Алланың қалауы» деген сөзді тәңіршілдер, исламофобтар жамандыққа балап, жаман ұғымдағы сөз мағынасында қарастырып жатыр», - дейді Елбек Тасболатұлы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама