Утильалымға қарсылық танытумен аты шыққан белсенді қамауға алынды

Халық үні

Ол сот шешімін орындалмаған 

фото: erkebulan_qazaq

Бүгін, 13 тамызда Ақтөбе соты белсенді Еркебұлан Құлбасовты қамауға алу туралы қаулы шығарды. Утильалымға қарсылық танытумен аты шыққан белсендіге сот шешімін орындамады деген айып тағылды, деп хабарлайды HalyqUni nur.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе соты 12 тамызда Еркебұлан Құлбасовты 5 тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі қаулы шығарды. Оған сот шешімін орындамады, банк алдындағы берешегін өтемеді деген айып тағылды.

9 тамызда Ақтөбе тұрғыны Е.Қ. Кулбасовқа қатысты сот орындаушысы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды. Е.Құлбасов қаржы ұйымының талап-арызы бойынша 4 млн теңгеден астам сомада кредит бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот шешімін орындамаған. Ол 2021 жылы несие алып, ай сайынғы төлемді төлемеген, - деп хабарлайды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, Еркебұлан Құлбасов утильалымға қарсылығымен танылған белсенділердің бірі.