Halyq Uni логотип
×

Алматыда ірі бизнес орталықтың бір қабаты сүрілді

Бұл құрылымдар рұқсатсыз салынған

 Динара Амантай 13.08.2024 | 16:18
Алматыда ірі бизнес орталықтың бір қабаты сүрілді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Мұратбаев көшесі, 63 мекенжайындағы Parasat бизнес орталығының үшінші қабаты мен мансардасы сот шешімімен бұзылады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, бұл құрылымдар рұқсатсыз салынған.

Жоспардан тыс тексеруден кейін «Parasat Samex Co LTD» ЖШС иесіне заңсыз салынған құрылыстарды жою туралы ұйғарым берілді, алайда талап орындалмады. Сот басқарманың талап-арызын қанағаттандырып, міндетті түрде сүру керек деп шешті, – делінген әкімдік хабарламасында.

Меншік иесі сот орындаушыларының қатысуымен бұзуды бастады.

Айта кетсек, заңсыз құрылысқа қарсы күрес аясында өткен жылдың басынан бері Алматыда «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» және басқа да 44 заңсыз нысан бұзылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама