Ресейде утильалым қымбаттайды: Қазақстанда тозған көліктер көбейе ме?

Дәурен Ерболат

Жолда жүру қауіпті болуы мүмкін

Фото: Halyq Uni

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Ресейде утильалымның қымбаттауы отандық автонарыққа қалай әсер ететініне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ресей утильалымды алып тастауды қойып, оның құнын көтеріп жатыр. Қырғызстан Chevrolet Cobalt және  Onix өндіретін желіні іске қосты. Енді олар да утильалым енгізбекші. Қазақстан утильалым мен алғашқы тіркеу мөлшері бойынша көрші елдерден қалып қойды. Мұны түсіну керек, - деді Қанат Шарлапаев Үкіметтің баспасөз орталығында.

Министрдің пікірінше, РФ-да утильалым мөлшерінің өсуі Қазақстандағы көлік бағасына әсер етпейді.

Елімізде бағаның айырмашылығынан тағы ескі көліктер көбеюі мүмкін. Бұл экологияға, жолдағы қауіпсіздікке әсер етеді. Мұндай тәуелекел бар. Ресейден елімізге әбден тозған көліктер (автохлам) ағылса, қазақстандықтарға жолда жүру қауіпті бола түседі, - деді ведомство басшысы.