Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде құрылыс аумағынан электр қуатының 9 трансформаторын ұрлады деген күдікпен Ақмола облысының екі тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Келтірілген шығын көлемі 15 млн теңгеден асады. Күдіктілер трансформаторларды манипуляторға тиеп алып кеткен. Көп ұзамай Қарағанды қаласына жеткізіп, көрші елдің азаматтарына сатып жіберген.
Тоғыз трансформатор тиелген жүк көлігін жедел қызметкерлер Қырғыз Республикасымен шекаралас жерде тоқтатты. Ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген полиция хабарламасында