Тальго пойызының бағыты Оралға дейін ұзартылды

Динара Амантай

Онымен 350 жолаушыны тасымалдауға болады

Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

Орал қаласының тұрғындарынан түскен көптеген өтініштерге байланысты биыл 19 қыркүйектен бастап №81/82 «Астана-Ақтөбе» Тальго пойызының бағыты Оралға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Пойыз күн ара қатынайды. Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан алуға болады, – делінген ҚТЖ хабарламасында.

Пойыз шамамен 350 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді. Ол Астана, Қостанай, Ақтөбе және Орал сияқты ірі қалаларды қоса алғанда, 15 станцияда аялдайды.