Halyq Uni логотип
×

Шыжғырған ыстыққа шыдамаған автожолдың бетон плиталары көтеріліп кетті (ВИДЕО)

Бір-бірінен ажыраған бұл плиталар автокөліктердің жүруіне кедергі келтірген

 Қанат Атаманов 09.06.2022 | 08:20
Шыжғырған ыстыққа шыдамаған автожолдың бетон плиталары көтеріліп кетті (ВИДЕО)
Фото: inform.kz

Әлеуметтік желіде «Түркістан-Шымкент» арасындағы Төрткөл ауылы тұсындағы жолда цемент плитаның көтеріліп кеткендігі туралы видео тарады.

Бұл видеодан оңтүстікте орын алған қатты ыстықтың салдарынан күре жолдың «Қызылорда – Шымкент» ақылы учаскесінде цемент-бетон плитасына айтарлықтай зақым келгенін көруге болады. Сөйтіп, бір-бірінен ажыраған бұл плиталар автокөліктердің жүруіне кедергі келтірген.

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз хатшысы Ләззат Стамғазиева қазіргі таңда «ШымкентЖолҚұрылыс» ЖШС мердігер ұйымы жолды қалпына келтіргенін мәлімдеді.

Жолды қалпына келтіру жұмыстарына 10 жол қызметкері және 5 арнайы техника (3 самосвал, 1 тиегіш, 1 гидромолот) жұмылдырылды. Қажет жол белгілері орнатылды. Жергілікті полиция патрульдеу жүргізіп жатыр, – деді Ләззат Стамғазиева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама