Қарағанды облысында ірі компанияға 313,9 миллион теңге айыппұл салынды
Прокуратура экологиялық заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді
Қарағанды облысында табиғатты ластаған ірі компанияға 313,9 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қарқаралы ауданы тұрғындарының арыз-шағымдары бойынша экологиялық заңнаманың сақталуына тексеру жүргізіліп, «Алтай Полиметаллы» ЖШС сарқынды суларды ашық жерге ағызатыны анықталды.
Экология департаментіне жолданған талап бойынша тексеру жүргізілді. Анықталғандай, кәсіпорын экологиялық кодекс нормаларын бұза отырып, мемлекеттік экологиялық сараптамасыз және қалдықтарды қоршаған ортаға шығаруға рұқсатсыз жұмыс істеген болып шықты.
Қарқаралы аудандық соты компанияны кінәлі деп танып, оған ҚР ӘҚБтК-нің 332-бабының 1-бөлігі және 328-бабының 1-бөлігі бойынша 313,9 млн теңге айыппұл салды. Сонымен қатар, сот орындаушысы компанияның ағынды суларды биологиялық тазарту кешенінің жұмысын бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатты, – делінген прокуратура хабарламасында.
Әкімшілік айыппұл өндіріліп, компания аталған заңбұзушылықтарды жою шараларын қабылдап жатыр.