Halyq Uni логотип
×

Балқаш ЖЭО-ны жөндеуге бөлінген 708 млн теңге жымқырылған

Мемлекет кірісіне 3 бөлмелі пәтер мен Lexus автокөлігі тәркіленді

 Динара Амантай 13.08.2024 | 09:09
Балқаш ЖЭО-ны жөндеуге бөлінген 708 млн теңге жымқырылған
Фото: видеодан скриншот

«Балқаш Жылу» ЖШС директорының бұрынғы орынбасары және кәсіпорынның бас есепшісі бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, сотталғандар 2020 жылғы маусым мен 2023 жылғы қаңтар аралығында Балқаш ЖЭО мен Балқаш қаласын жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге және жұмысын үздіксіз қамтамасыз етуге арналған бюджет қаражатын іс жүзінде қандай да бір келісімшарттар жасамастан, жалған кәсіпорындардың шоттарына аударған.

Ұрланған 708 млн теңге жылжымайтын мүлікке байланысты келісімдер жасау арқылы заңдастырылған.

Тергеу барысында күдіктілер 144 млн теңгені қайтарды. Кінәлі адамдарды сот 5,5 жыл және 5 жыл бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, – делінген ҚМА хабарламасында.

Мемлекет кірісіне 3 бөлмелі пәтер мен Lexus автокөлігі тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама