Halyq Uni логотип
×

«Бос сөз». Әбдірахымов өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жоққа шығарды

Оған құқық қорғау органдарынан ешқандай хабарлама келмеген

 Қанат Атаманов 09.06.2022 | 07:30
«Бос сөз». Әбдірахымов өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жоққа шығарды
Фото: ашық дереккөздерден

Қазақстандық саясаткер Ғабидолла Әбдірахымов өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалды деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді.

Шымкент қаласы экс-әкімінің айтуынша, оған құқық қорғау органдарынан ешқандай хабарлама келмеген.

Шынымды айтсам, ешқандай іс туралы хабарым жоқ. Жауап алуға ешкім ешқайда шақырған жоқ, маған ескертпеді. Әлеуметтік желіде жазылғандар бос сөз. Бұған менің еш қатысым жоқ. Бұл не үшін жасалғанын білмеймін. Арыз жазған адам – қарапайым кәсіпкер, Қазақстанда ондайлар көп. Мен көп кәсіпкерді білемін. Бірақ ол адаммен ешқандай қатысым болған емес және жоқ. Онымен мүлдем байланыста болған жоқпын. Әрине, өмір бойы, дәлірек айтсақ, 22 жыл мемлекеттік қызметте болдым. Мен де басқалар сияқты бұл бизнесмендерді мемлекеттік қызметкер ретінде ғана білуім мүмкін, – деді Ғабидолла Әбдірахымов.

Сондай-ақ, ол ауыр қылмыс жасады деп айыптау өз алдына қылмыс екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол қазір Нұр-Сұлтанда тұратынын, кәсіпкерлік және кейбір жобаларымен айналысатынын айтқан.

Айта кетсек, біз бұған дейін Алматы полициясының жергілікті кәсіпкердің арызы бойынша Әбдірахымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын растағанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама