Күдікті бірнеше рет сотты болған
Астанада ер адам жасөспірімді үш жерден пышақтаған. Оқиғаға қатысты Астана қалалық полициясы түсініктеме берді.
Баланы пышақтаған - көршісі. Пышақ жарақаты терең емес. Десе де бұл қылмыстық іс дейді ведомстводағылар.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізілуде. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген хабарламада.
Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полицияның айтуынша, ер адам пышақтайтындай жасөспірім екеуінің арасында кикілжің де болмаған. Күдікті бірнеше рет сотты болған, жазасын өтеу мерзімі аяқталмаған.