Halyq Uni логотип
×

«Командасымен кетті»: Мырзағали Айтжанов қызметінен босатылды

Боксшыларымыз Париж Олимпиадасында 1 күміс, 1 қола жеңіп алды

 Халық үні 12.08.2024 | 20:16
«Командасымен кетті»: Мырзағали Айтжанов қызметінен босатылды
фото: әлеуметтік желіден

Париж Олимпиадасындағы бокс турнирінен кейін Қазақстан бокс федерациясында ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

ҚР бокс федерациясының мәліметінше, жұмыстан босатылғандар тізімін Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Әзиз Қожамбетов бастап тұр.

Сондай-ақ бас бапкер Мырзағали Айтжанов, аға жаттықтырушы Марат Жақиев және өзге де жаттықтырушылар - Нұркен Андасов, Нұржан Насанов, Ғании Ашкеев, Ермек Ерсаев, Талғатбек Жақпеков, Закир Сафиулин, Азамат Мақажанов, Жамил Жүсіп пен кеңесші жаттықтырушы Донатас Янусевичус те лауазымынан босатылды.

Алайда аздаған уақыттан кейін ҚР бокс федерациясының баспасөз қызметі өздері жариялаған ақпаратты өшіріп тастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама