Қазақстан құрамасы әзірге үшінші топта 6 ұпаймен көш бастап тұр
Словакия футбол одағының атқарушы комитеті ұлттық құраманың бас бапкері Штефан Тарковичті жұмыстан босату туралы шешім қабылдады.
Маманның қызметінен кетуіне басты себептердің бірі – соңғы екі жылдағы құраманың жасыл алаңдағы сәтсіз ойындары. Команда 2021 жылдың күзінен бастап іріктеу матчтарында Ресей және Хорватия командаларынан жеңіліп қалған болатын. Енді жергілікті команданы алдағы матчтарға бас бапкердің көмекшілері – Самуэль Словак пен Марек Минтал дайындайды.
Словакия мен Қазақстан құрамалары УЕФА Ұлттар Лигасының «С» дивизионында бір топта ойнайды. Трнавада өткен алғашқы матч Магомед Адиев баптайтын «қаршығалардың» пайдасына аяқталды. Есеп – 0:1.
Еске салсақ, Қазақстан құрамасы әзірге үшінші топта 6 ұпаймен көш бастап тұрса, 3 ұпайы бар Словакия екінші орынға жайғасқан.