×

Қазақстаннан жеңілген Словакия құрамасының бас бапкері қызметінен босатылды

Қазақстан құрамасы әзірге үшінші топта 6 ұпаймен көш бастап тұр

 Қанат Атаманов 09.06.2022 | 07:00
Фото: ашық дереккөздерден

Словакия футбол одағының атқарушы комитеті ұлттық құраманың бас бапкері Штефан Тарковичті жұмыстан босату туралы шешім қабылдады.

Маманның қызметінен кетуіне басты себептердің бірі – соңғы екі жылдағы құраманың жасыл алаңдағы сәтсіз ойындары. Команда 2021 жылдың күзінен бастап іріктеу матчтарында Ресей және Хорватия командаларынан жеңіліп қалған болатын. Енді жергілікті команданы алдағы матчтарға бас бапкердің көмекшілері – Самуэль Словак пен Марек Минтал дайындайды.

Словакия мен Қазақстан құрамалары УЕФА Ұлттар Лигасының «С» дивизионында бір топта ойнайды. Трнавада өткен алғашқы матч Магомед Адиев баптайтын «қаршығалардың» пайдасына аяқталды. Есеп – 0:1. 

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы әзірге үшінші топта 6 ұпаймен көш бастап тұрса, 3 ұпайы бар Словакия екінші орынға жайғасқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама