Өрттің себебі анықталып жатыр
Қызылорда облысында өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды, деп хабарлады ТЖМ.
Арал қаласындағы жер үйдің ауласында ауданы 24 шаршы метр болатын шаруашылық нысаны өртенген.
3-МӨСБ бастығының орынбасары Нұрбол Тоғысов, аға инженер Дінмұханбек Абрасулаев және бөлімше командирі Ақбай Сағынбаев өрттен 3 газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, жарылысқа жол бермеді.
Мамандар өртті толық сөндірді, зардап шеккендер жоқ.
Оқыс оқиғаның себебі анықталып жатыр.