Қызылорда облысында өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды
Өрттің себебі анықталып жатыр
Қызылорда облысында өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды, деп хабарлады ТЖМ.
Арал қаласындағы жер үйдің ауласында ауданы 24 шаршы метр болатын шаруашылық нысаны өртенген.
3-МӨСБ бастығының орынбасары Нұрбол Тоғысов, аға инженер Дінмұханбек Абрасулаев және бөлімше командирі Ақбай Сағынбаев өрттен 3 газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, жарылысқа жол бермеді.
Мамандар өртті толық сөндірді, зардап шеккендер жоқ.
Оқыс оқиғаның себебі анықталып жатыр.