Павлодар облысында кеншілер отырған автобус аударылды

Дәурен Ерболат

Жүргізуші рульге ие бола алмай қалған

Фото: Halyq Uni

Екібастұзда 24 кенші отырған автобус көлік апатына ұшырады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің дерегінше, кеншілер Богатырь» компаниясында жұмыс істейді.

«ПАЗ» жүргізушісі рульге ие бола алмай, автобус жол жиегіне аударылды. Онда компанияның 24 жұмысшысы болған. Көлік апатынан қаза тапқандар жоқ, - деп жазылған хабарламада.

Зардап шеккен кеншілерге медициналық көмек көрсетілді.