39 мыңнан астам адам емтихан тапсырған
Бүгін магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау басталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Құжатты 15 тамызға дейін (қоса алғанда) жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары, оның ішінде виртуалды қабылдау комиссиялары қабылдайды.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 39 мыңнан астам адам магистратураға түсу үшін емтихан тапсырған. Олардың 43%-ы шекті балл жинап, грант конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалады. Оған құжаттарды қабылдау 12-15 тамыз аралығында ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары, оның ішінде онлайн виртуалды комиссиялар арқылы іске асырылады. Яғни, болашақ магистранттар құжатын дәстүрлі және онлайн форматта тапсыра алады, – делінген министрлік хабарламасында.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
Құжаттарды тапсыру кезінде оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсете алады. Магистратураға түсушілер 13 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.
Грант иегерлерінің тізімі 26 тамызға дейін Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады.
Болашақ магистранттардың оқуға қабылдануы 28 тамызға дейін аяқталады.