Қостанай облысында білім бөлімінің қызметкері ақша жымқырған

Динара Амантай

Әйел балалар жолдамасынан түскен қаржыны иемденген

Фото: Halyq Uni

«Рудный қаласы білім бөлімінің» Балалар тәрбие-сауықтыру кешені» КМҚК қызметкері аса ірі мөлшерде ақша жымқырған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Прокуратураның мәліметінше, аталған дерек бойынша арнайы прокурорлар ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе ысырап ету») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізген.

Тергеу барысында балалар кешенінің қызметкері 2022-2023 жылдар аралығында балалардың сауықтыру орталықтарына жазғы маусымға жолдама сатып балалардың ата-аналарынан түскен 18 млн теңгеден аса қаражатты иемденгені анықталды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазір сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жіберілді.