Биыл 55 адам пойыз астына түскен

Динара Амантай

28 мыңнан аса қазақстандық жауапқа тартылды

Фото: Halyq Uni

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаменті белгіленбеген жерден теміржолды кесіп өткені үшін 28 мың 589 адамды жауапқа тартты. 55 азамат пойыз астына түсіп, олардың жартысынан көбі қайтыс болған, деп хабарлайды Halyq Uni..

Департамент бастығы Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, демалыс күндері Жетісу облысы Қарабұлақ-Талдықорған аралығында жүк пойызы белгіленбеген жерден теміржолды кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетті. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Өкінішке қарай, қайғылы оқиғалардың көпшілігі теміржолда жүріп-тұру ережелерін сақтамау салдарынан болады. Әлі күнге дейін адамдар теміржолдың қаншалықты қауіпті аймақ екендігін, оның зардаптарын жете түсінбейді, – деді Бақытжан Малыбаев.

Көлік полицейлері профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде азаматтарға теміржол аймағында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет екенін ескертеді.