Олимпиадада жүлдеге ілінбеген қазақстандық теннисшіге пәтер берілді
Спортшы дүбірлі додада үздікке ондыққа енді
Париж Олимпиадасында жүлдеге ілінбеген теннисші Кирилл Герасименкоға Астанадан 2 бөлмелі пәтер берілді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Франция астанасында өткен Олимпиадада ерлер арасындағы жекелей сында команданың көшбасшысы Кирилл Герасименко 9-орынға ие болды. Бұл – Қазақстанның үстел теннисі үшін үлкен жетістік. Бұған дейін қазақстандық спортшылардың ешқайсысы мұндай нәтижеге қол жеткізбеген. Осы жетістіктің нәтижесінде Герасименко әлемдік рейтингте 46-орыннан 37-орынға дейін көтерілді, - деп жазылған Қазақстан үстел теннисі федерациясының Instagram-дағы парақшасында.
Осылайша, федерация Кирилл Герасименкоға елодадан 2 бөлмелі пәтер сыйлады.