Halyq Uni логотип
×

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру тетіктері жетілдіріледі

Министрлік бұйрық жобасын әзірледі

 Динара Амантай 12.08.2024 | 13:16
Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру тетіктері жетілдіріледі
Фото: Halyq Uni

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру тетіктері жетілдіріледі, деп хабарлайды Halyq Uni.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ведомство басшысы бұйрығының жобасын әзірледі.

Қағидаларға енгізілетін түзетулер бойынша төмендегілер көзделген:

  • Өтінімдер қабылдау процесін оңтайландыру. Жұмыс берушілерден субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімдер қабылдаудың нақты мерзімдері белгіленді.
  • Автоматтандыру және цифрландыру. Жұмыс берушілердің талаптарға сәйкес келуін Электрондық еңбек биржасы арқылы автоматты түрде тексеруді ендіру, бұл жұмыс берушілердің тізбесін қалыптастыру процессін жеңілдетеді.
  • Жұмыс берушілердің арасында субсидияланатын жұмыс орындарын бюджет шегінде бөлетін норманы енгізу.
  • Жұмыс берушілердің субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға қайта қатысуының өлшемшарттарын айқындау, бұл ұзақ мерзімді жұмысқа орналастыруға ықпал етеді.
  • Еңбек мобильділігі орталықтарының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен өзара іс-қимыл тәртібін белгілеу.

Песми ақпаратқа сәйкес, жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығыстарды талап етпейді.

Құжат 2024 жылдың 26 тамызына дейін «Ашық НҚА» порталында қоғам талқысына ұсынылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама