Қырғызстан қазақстандық кәсіпкерге іздеу жариялады

Динара Амантай

Ол қылмыстық топтың мүшесін қаржыландырып отырған

Фото: facebook.com/gknb.official/

Қырғызстанда қазақстандық кәсіпкер, «Симирам» демалыс орталығының иесі Таиров Ясынжан Ниязұлына іздеу жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қырғыз Республикасы МҰҚК мәліметінше, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) фактісі бойынша жедел тергеу іс-шараларын жүргізу аясында қазақстандық кәсіпкер Таиров Ясынжан Ниязұлы «Братский круг» халықаралық қылмыстық тобының мүшесі болған «заңдағы ұры» атымен белгілі Қамшы Асанбекті қаржыландырып отырғаны анықталған.

Атап айтқанда, күдікті қылмыскерге 200 мың АҚШ долларын бергені белгілі болды. Сондай-ақ, ол тұрақты түрде бос уақыты мен демалысын өткізу қылмыстық топ өкілдеріне коттедждер мен бөлмелер ұсынып отырған. Бұған қоса, ол әрдайым Асанбекке мерекелер мен мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде қымбат сыйлықтар берген.

Ведомство өкілдерінің мәліметіне сәйкес, Таиров пен Асанбектің кездесулері Шолпан Ата қаласында, қылмыскерге тиесілі «Барс» кешенінің аумағында өткен.

Ясынжан Таировқа қатысты жиналған материалдар негізінде Бішкек қаласы Октябрь аудандық сотының қаулысымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы сырттай тағайындалды. Сондай-ақ, оған қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін мемлекетаралық және «Интерпол» ҰБО желісі бойынша іздеу жарияланды, – делінген МҰҚК хабарламасында.