Halyq Uni логотип
×

НЗМ қомақты қаражатты неге игере алмағанын түсіндірді

Білім ордасы 16,4 млрд теңгені игере алмаған

 Дәурен Ерболат 12.08.2024 | 12:54
НЗМ қомақты қаражатты неге игере алмағанын түсіндірді
Фото: Halyq Uni

Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ) Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексеріске түсінік берді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

2024 жылдың бірінші жартысында Жоғары аудиторлық палата «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының қызметіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Тексеріс нәтижесінде Қазақстан заңнамасын бұзу, ұрлау немесе мүлік жетіспеушілігі фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік аудит ДББҰ қызметінде анықтаған кемшіліктердің басым бөлігі рәсімдік сипатта және қаржы-шаруашылық пен ұйымдастырушылық жұмыстарына қатысты болып, мектептердегі оқу процесіне әсер етпейтіні анықталды, - деп жазылған НЗМ-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ қаржылық бұзушылық ретінде көрсетілген 274,4 млн теңге бухгалтерлік есептегі қателіктерге қатысты және аудит барысында түзетілді.

Сонымен қатар мемлекеттік аудиторлар 16,4 млрд теңгені, оның ішінде тиімсіз жоспарлаудың салдарынан пайда болған 8,3 млрд теңгені игерілмеген қаражат деп таныды. Бұл сома пандемия кезінде еліміздің педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстарының, олимпиадалардың, ғылыми жарыстардың және басқа да іс-шаралардың, оқу жетістіктерін бағалау рәсімдерінің онлайн форматқа ауысуына байланысты үнемделді, - деп жазылған хабарламада.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ өз қызметін Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізеді. ДББҰ-ның қаржыландыру тәртібі Бюджет кодексімен реттеледі.

Бұған дейін НЗМ 16,4 млрд теңгені игере алмағаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама