×

Пәтерін есірткі притонына айналдырған алматылық сотталды

Оның кінәсі сотта дәлелденді

 Дәурен Ерболат 12.08.2024 | 12:15
Фото: polisia.kz

Алматыда пәтерін есірткі притонына айналдырған тұрғынға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, биыл сәуірде тәртіп сақшылары бұл пәтерде нашақорлар жиналатынын анықтады.

Қаладағы Әуезов ауданында тұрғын үйін есірткі притонына айналдырған. Онда героин тұтынылған. Үйді тінту кезінде электронды таразылар, пайдаланылмаған шприцтер, құрамында өсімдік тектес және ұнтақ түріндегі заттары табылып тәркіленді. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-химиялық сараптамасы тағайындалды, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері.

Әуезов аудандық сотының үкімімен А. есімді айыпталушы Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі және 302-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама