Тағы 10 адамның осындай қылмысқа қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр
Түркістан облысында адам саудасымен айналысқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, ер адам 400 мың теңге алу барысында қолға түскен.
«Ш» есімді азамат соңғы 2 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі екі азаматты қайыршылық жасауға мәжбүрлеп, оларды Шымкент қаласында сату кезінде ұсталып, қамауға алынды. Сонымен қатар, тағы 10 азаматтың адам саудасымен айналысу қатыстылығына тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – делінген прокуратура хабарламасында.
Қазір адам саудасы фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК 201-бабының талаптарына сай жария етілмейді.