Олимпиада алтыны бұйырмады – Нұрбек Оралбай

Дәурен Ерболат

Париж Олимпиадасына Қазақстаннан 10 боксшы қатысты 

Фото: Halyq uni

Бокстан Париж Олимпиадасының жүлдегері Нұрбек Оралбай Қазақстанға оралды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Спортшыны Астана халықаралық әуежайында қазақстандықтар күтіп алды.

Өкінішке қарай, 2-орын болып қалды. Сіздер үшін алтын алғым келіп, қазақ елін қуантып, әнұранды шырқатқым келген еді. Осы жолы бұйырмады. Алла қаласа, келесі Олимпиада ойындарында барымды салып, елге абыроймен оралып, қазақ елін, қуантамын деп ойлаймын, – деді боксшы әуежайда күтіп алған қазақстандықтарға.

Айта кетейік, дүбірлі додада 80 келі салмақта ел намысын қорғаған боксшы Нұрбек Оралбай финалда украиналық қарсыласы Александр Хижняктан ұтылып, күміс медальді иеленгенде. Париж Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қолаға ие болды.