Лос-Анджелес 2028 жылғы Жазғы Олимпиаданы автокөліксіз өткізбек. Бұл туралы қала мэрі Крен Бас мәлімдеді деп хабарлады Halyq Uni 24kz-ке сілтеме жасап.
Бұл кептелістен қашу үшін қажет, - дейді ұйымдастырушылар.
Көрермен Олимпиада нысандарына қоғамдық көлікпен жетуге тиіс. Осы мақсатта жаңа 3 мың автобус пайдалануға беріледі. Сондай-ақ қашықтан жұмыс істеуге басымдық жасалады. АҚШ Үкіметі Лос-Анджелестің транспорттық жағдайын жақсарту үшін 900 млн доллар бөлуге уәде берді, – делінген хабарламада.