Астанада желдің күші бәсеңдеген – зерттеу

Дәурен Ерболат

Мамандар 20 жиналған дерекке талдау жасаған

Фото: Halyq Uni

Соңғы жылдары елордада желдің күші бәсеңдеген, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

«Қазгидромет» синоптиктері зерттеу жүргізген. Нәтижесінде Астананада желдің жылдамдығы азайғанын анықтаған.

Зерттеуге сәйкес, соңғы 20 жылда барлық маусымда желдің орташа жылдамдығы секундына 3,6-дан 2,8 метрге дейін төмендеді. Желдің басым бағыты оңтүстік-батыстан оңтүстікке өзгерді. Сондай-ақ тымық күндер де көбейген, - деп жазылған хабарламада.