Париж Олимпадасында бақ сынаған қос отандасымыз жеңіске жете алмады
Бүгін жеңіл атлет пен еркін күрес балуаны сайысқа түсті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының мүшесі, марафоншы Жанна Мамажанова 02:30:51 көрсеткішімен 33-орын алды, деп мәлімдеді Olympic.kz.
Ал 97 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуінде ирандық қарсыласы Амирали Азарпирадан жеңіліп қалды. Есеп – 1:6. Осылайша, балуан жарысты аяқтады.