Тоқаев Бразилия президентіне көңіл айтты
Бұл елде ұшақ апатынан ондаған адам көз жұмған болатын
Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Halyq Uni Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Бразилияның Сан-Паулу штатында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты президент Луис Инасиу Лула да Силваға көңіл айтты.
«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Қазақстан халқының әрі жеке өз атымнан сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Бразилия халқына көңіл айтамын», – деп жазылған жеделхатта.