Шымкентте дизель отыны төгілген аумақта өрт шықты (ВИДЕО)
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Құтқарушылар Шымкент қаласында отты сөндірді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Еңбекші ауданында жеке аумақта жалпы ауданы 100 шаршы метр болатын құрылыс материалдары, ағаш отын және төгілген дизель отыны жанды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында жалын ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ, – деп толықтырды ведомство.
ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Бүған дейін Алакөлде демалыс үйінің түгі қалмай жанып кеткені жайлы жазған едік.