Париж Олимпиадасы: Бүгін кімдер жарысқа шығады

Халық үні

Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуінде сынға түседі

Фото: Сали Сабиров

Париж Олимпиадасында 11 тамыз, жексенбі күні қазақстандық олимпиадашылар спорттың екі түрінен — еркін күрес пен жеңіл атлетикадан бақ сынайды.

Алдымен 11:00-де жеңіл атлетикадан Жанна Мамажанова марафонға қатысады.

Ал 14:00-де еркін күрестен Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуінде сынға түседі.

Айта кетейік, Франция астанасы Париж қаласында алуы тұтанған XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 80 спортшы спорттың 25 түрінен сынға түсті.