Гимнаст Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
Франция астасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Болгарияның көркем гимнастика спортшысы Боряна Калейн Димаш Құдайбергеннің «SOS d’un terrien en détresse» композициясына өнер көрсетті.
Нәтижесінде Димаштың әнінде өнер көрсеткен гимнаст Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, Димаш есімі әлемге дәл осы ән арқылы танылған болатын. Ол 2017 жылы Қытайдағы «I’m a singer» жобасына қатысып, «SOS d’un terrien en détresse» әнін француз тілінде шырқаған еді.