Самара-Шымкент тасжолында қайғылы жағдай болды
Екі адам қаза тапты
Ақтөбе облысындағы тасжолда апат болып, бірнеше адам көз жұмды, деп хабарлайды HalyqUni.
Оқиға бүгін, 10 тамызда Хромтау ауданындағы Самара-Шымкент тасжолында болды. Жеңіл автомобиль мен ауыр жүк көлігі соқтығысқан. Екі адам қаза тапты.
10 тамызда таңғы сағат 6-да Хромтау ауданы Донской ауылының маңындағы Самара-Шымкент автожолында Lada Largus автокөлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысты. Нәтижесінде Lada Largus жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында қаза болды. Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Апаттан зардап шеккен тағы үш адам ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайы туралы айтты.
«Хромтау аудандық ауруханасының жедел медициналық жәрдем бригадасы оқиға орнына таңғы сағат 05:58-де келді. Зардап шеккен екі адам 103 келгенге дейін алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Үш науқас Хромтаудағы ауруханаға жеткізілді. Оларды кезекші хирург қарады, амбулаториялық емдеуге ұсынымдармен жіберілді. ЖКО-ның екі қатысушысы тексерілуден бас тартты», - деп хабарлады Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы.