Өрт аумағы 400 шаршы метрге жетті
Жетісу облысының өрт сөндірушілері демалыс аймағындағы жалынды сөндірді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Алакөл ауданына қарасты Ақши ауылы демалыс аймағындағы демалыс үйі отқа оранды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында 400 шаршы метр алаңдағы жалын толығымен тоқтатылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр, – деп қосты ТЖМ.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыздар, деп ескертті мамандар.