Halyq Uni логотип
×

Алакөлде демалыс үйі түгі қалмай жанып кетті

Өрт аумағы 400 шаршы метрге жетті

 Қымбат Елтайқызы 10.08.2024 | 17:15
Алакөлде демалыс үйі түгі қалмай жанып кетті
фото: ТЖМ

Жетісу облысының өрт сөндірушілері демалыс аймағындағы жалынды сөндірді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Алакөл ауданына қарасты Ақши ауылы демалыс аймағындағы демалыс үйі отқа оранды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында 400 шаршы метр алаңдағы жалын толығымен тоқтатылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр, – деп қосты ТЖМ.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыздар, деп ескертті мамандар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама