Еркін күрес шебері Олимпиаданы жеңіспен бастады

Қымбат Елтайқызы

Әлішер Еркеғали үшін бұл екінші Олимпиада ойындары

фото: Сали Сабиров

Еркін күрес шебері Әлішер Еркеғали ширек финалдағы қарсыласын күтеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Еркін күрестен Ұлттық құрама палуаны (97 кг) Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде мысырлық Мостафа Әл-Елсайед Элдерсті тізе бүктірді. Есеп: 6-2, деп мәлімдеді Туризм және спорт министрлігі.

Біраздан соң Әлішер ширек финалда әлем чемпионы, Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы Ахмед Тажудинов (Бахрейн) немесе Әмір Әли Азарпирамен (Иран) күш сынасады, – деп қосты ведомство.

Қазақстандық спортшы үшін бұл екінші Олимпиада. Ол Токиодағы ойындарда алжирлік палуанды ұтып ширек финалға шыққанымен, кейін аса тартысты белдесуде қарсыласына есе жіберген.