Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді
Табиғи құбылыс бүгін таңертең болды
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасының маңында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметіне сәйкес, Астана уақытымен сағат 10:26-да магнитудасы 4,5 балды құраған жер сілкінісі Қырғызстан аумағында болды. Жерасты дүмпулерінің ошағы Тараздан оңтүстік-шығысқа қарай 77 шақырым қашықтықта және Қырғызстанның Талас қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 13 шақырым жерде орналасты.