2004 жылы туған жас жігіт Ақтау қаласындағы колледждердің бірінің 1-курс студенті
Lada.kz басылымның мәліметінше, 7 маусым күні 16.20 шамасында Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Каспий теңізінің жағалауында бір адамның суға батып кеткені туралы хабарлама түскен. Ведомство жастар жағалауда TikTok әлеуметтік желісіне видео түсіргенін мәлімдеді. Біраз уақыттан кейін Youtub-та теңізге секіріп көз жұмған жігіттің соңғы видеосы жүктелді.
Белгілі болғандай, үш жігіт пирстен теңізге секірген. Екеуі жағаға жүзіп шыққанымен, үшіншісі Каспий теңізіне батып кеткен. Бүгін, 8 маусымда таңертең сүңгуірлер марқұмның денесін тапқанын хабарлады.
Айта кетсек, 2004 жылы туған жас жігіт Ақтау қаласындағы колледждердің бірінің 1-курс студенті еді. Ол Бейнеу ауданының тумасы.