Екі күн ішінде жауын-шашын мөлшері 1,5 айлық мөлшерден асып түсті
Астанада екі тәулік бойы нөсер жаңбыр жауып, ірі бұршаққа ұласты, деп хабарлайды Halyq Uni қала әкімдігіне сілтеме жасап.
«Қазгидромет» мәліметінше, екі күн ішінде Астанада 48 мм жаңбыр жауған, айлық норма – 31 мм. Яғни, екі күн ішінде жауын-шашын мөлшері 1,5 айлық мөлшерден асып түсті.
Коммуналдық қызметтер толықтай күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қала бойынша 200-ден аса арнаулы техника жергілікті орындарда су сору жұмысына жұмылдырылды.
Толассыз жаңбырға байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысы шектелген:
Қала тұрғындары мұндай қолайсыз ауа райында сыртқа шықпағаны жөн, - деп ескертті әкімдіктен.
Айта кетейік, коммуналдық қызметтер коллекторлар мен жаңбыр қабылдағыштарды тазарту, құбырларды булау, су бұру, нөсерлі кәріз жүйелері мен тазарту құрылысын салу және т.б. бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр.