Әзірге жалпыкомандалық есепте 34-орында тұрмыз
Бүгін Париж Олимпиадасында қазақстандық спортшылар спорттың 4 түрі – еркін күрес, брейкинг, қазіргі бессайыс және велотректен бақ сынайды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Алдымен 14:00-де еркін күрестен 97 келі салмақта Әлішер Ерғали ел намысын қорғайды. Ол бірінші белдесуінде мысырлық Мұстафа Әл-Елсайед Элдерспен белдеседі.
Еркін күрестен жартылай финал 21:15-ке жоспарланған.
Ал 16:30-да қазіргі бессайыстан Елена Потапенко сынға түседі.
19:35-те брейк-данстан жарыс басталады. Онда Әмір Зәкіров ел намысын қорғайды. Финал Астана уақытмен 00:29-ға жоспарланған. Ол D тобында сынға түседі. Отандасымыз Menno (Нидерланд), Billy (Марокко) және Quake (Қытайдың Тайпейі) лақап атымен танымал спортшылармен шеберлік байқасады.
20:19-да велотректен ел намысын Андрей Чугай қорғайды.
Еске сала кетсек, қазір Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 34-орында тұр.