Оңтүстік-шығыста күндіз +38 градусқа дейінгі қатты ыстық сақталады
10-12 тамыз аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Halyq Uni синоптиктер болжамына сілтеме жасап.
Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады, бұршақ жауады. 10 және 12 тамызда еліміздің солтүстік-батысында, 10 тамызда орталығында, 10-11 тамызда шығысында, 11 тамызда оңтүстік-шығысында қара нөсер жауады деп болжанып отыр. Республика бойынша жел күшейеді.
Қазақстанның басым бөлігінде температура біртіндеп төмендейді деп болжанды:
Республиканың оңтүстік-шығысында күндіз +35+38 градус қатты ыстық сақталады.
Қазақстанның оңтүстігінде +30+37 градус ыстық болады деп күтіліп отыр.