Президент бір топ жұмысшыны мемлекеттік наградамен марапаттады

Динара Амантай

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы құрылыс саласы қызметкерлерін марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Құрылысшы күні қарсаңында отандық құрылыс саласындағы жемісті еңбегі, еліміздің инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін саланың бір топ жұмысшысы мемлекеттік наградалармен марапатталды, – делінген Ақорда хабарламасында.

Атап айтқанда, 4 азамат «Парасат» орденінің және 36 адам «Құрмет» орденінің кавалері атанды. 40 жұмысшы ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталып, 72 құрылысшы «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды.